Jump to Navigation

Сенім телефоны  - 8 - (7262​) - 43 - 88 - 81,     e-mail: taraz_2014@nur.kz

«Үздік педагог» атты облыстық байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

«Үздік педагог» атты облыстық байқауын өткізу

 ЕРЕЖЕСІ

1.     Жалпы ережелер

1.1 «Үздік педагог» атағын беру байқауының (бұдан әрі - Байқау) облыстық  кезеңінің  дайындық және өткізу жұмыстары ұсынылып отырған ережеге сүйенеді.  

1.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012  жылы 30 наурыздағы № 394  қаулысының негізінде  аталған байқау республикалық «Үздік педагог» байқауының шеңберінде өтіледі.

1.3. Жамбыл облысының білім басқармасы байқаудың өкілетті органы болып

      танылады.

1.4. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті байқауды ұйымдастырады.                                                                                                                

1.5. Ұйымдастырушы:

       1.5.1.Байқаудың өткізілетіндігі туралы барлық аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне хабарлайды;

       1.5.2.Байқаудың ұйымдастыру және сараптау комиссияларын  тағайындайды;

       1.5.3.Байқауға ұсынылған құжаттармен,  сараптамалық парақтармен бағалау  жұмыстарын жүргізу бойынша алдын-ала түсінік жұмыстарын  жүргізеді;

       1.5.4. Байқаудың қорытындыларын рәсімдейді;

       1.5.5.Байқаудың қорытындыларын қатысушыларға, жалпы педагогикалық  көпшілікке жариялайды.

 

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

 

 2.1.  Байқаудың ұраны – «Мұғалім болғандығымды мақтан етемін!»

 2.2. Байқаудын мақсаты: Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби  қызметте  жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерге сыйақы беру.

 2.3. Байқаудың негізгі міндеттері:

       - Жамбыл облысындағы талантты педагог қызметкерлерді анықтау және ең тиімді жұмыс жасайтын мұғалімдердіңің озық іс-тәжірибелерін тарату;

       -  Тәрбие және білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту мақсатында педагогикалық идеяларды іздеу;

 - Оқушылардың қабілеттерін дамытудағы жоғары нәтиже көрсеткен белсенді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге демеу көрсету.

 

3. Байқауға қатысушылар

 

   3.1. Байқауға мынадай талаптарға сай келетін:

        1)  Білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын;

        2)  Байқауға құжаттарын тапсыру сәтінде  кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

   3.2.  Атақ бір адамға бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

 

4. Байқаудың өткізу кезеңдері

4.1. Байқау үш кезеңде өтеді:

     Байқаудың сырттай өтетін I іріктеу кезеңі – 2012 ж. 16 -19 мамыр күндері;

                 II кезеңі – байқаудың негізгі кезеңі – 2012 ж. 21-22 мамыр күндері;

     III кезеңі – Интернет-ресурс (виртуальды дауыс беру) – 2012 жылдың 1 маусым мен 10 тамыз күндері аралығында.  Марапаттау кезеңі –Тамыз кеңесінде өткізіледі.

 

5. Байқаудың өткізілуі

5.1. Байқаудың іріктеу кезеңіне қатысу үшін төменде аталған құжаттар 2012 жылы мамырдың 15-не дейін  Жамбыл облысының білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетіне (080012, Тараз қаласы, Бектұрғанов көш. 6 үй, 211 каб. Немесе қабылдау бөлмесі) «Үздік педагог» байқауы деген сілтемесімен жіберілуі тиіс:

1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінім; аудандық (қалалық) білім бөлім бөлімінің ұйымдастыру комитеті отырысының хаттамасынан үзінді;

2) аудандық (қалалық) білім бөлімінің бастығы растаған байқаудың I кезеңіне қатысушыға берілген ұсыным (қосымша 2);

3) 2 түрлі-түсті сурет (4х6);

4) байқауға қатысушының кәсіптік және жеке қасиеттерін тікелей басшы растаған мінездемесі;

5) байқауға қатысушы туралы жалпы мәлімет, байланыс телефондары, электронды мекен-жайы көрсетілген түйіндеме;

6) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі парағы;

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

8) баспа басылымдарының, әдістемелік өнімдерінің көшірмелері;

9) байқауға қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдамалық (аналитикалық) есебі.

10) «Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басылымдықтары» тақырыбында эссе (500 сөзден аспайтын,  форматы doc, кегель 14, шрифт Times New Roman).    

5.2.Құжаттар қағаз түрінде және электрондық нұсқалары мен видеоматериалдары компакт дискі түрінде қабылданады. Байқауға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

 5.3. Құжаттардың ішінде аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің әдістемелік кеңесінің көшірмесі, мінездемесі, резюмесі мемлекеттік тілде, ал алған педагогикалық іс-әрекеттерін сипаттайтын құжаттар оқыту тілінде ұсынылады.

 

6.Байқаудың мазмұны

 6.1 Сырттай іріктеу кезеңі төмендегі рәсімде өткізіледі:

 6.1.1.Қатысушының жоғарыда аталған құжаттарына сараптама жасалынады;

       Ең жоғары ұпай саны – 60

       Бағалау критерийлері:

       - педагогикалық іс-әрекеттерінің  нәтижелілігі;

      - педагогтің кәсіптік құзыреттілігі;

      - педагогтың педагогикалық іс-әрекеттерін өзіндік бағалауы және өз іс-тәжірибесін тарату мәліметтері

      - педагогтің кәсіби шеберлігіне және өзіне  берген әлеуметтік сырт бағасы;

      - республика, облыс көлемінде білім беру ісінің дамуына қосқан педагогтің үлесі.

6.1.2. «Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдықтары» тақырыбында эссе

       Қойылатын талап  – 500 сөзден аспайтын,  форматы doc, кегель 14, шрифт Times New Roman

Ең жоғары ұпай саны   25

Бағалау критерийлері:

- байқаудың ұранына сәйкестігі;

- ойын нақты және түсінікті жеткізуі;

- ой өрісінің кеңдігі;

- логикасы;

- сауаттылығы;

- дәлелділігі;

- ерекшелігі.    

 6.1.3. Оқушылармен on-line режимінде  өткізілетін сыныптан тыс сабақ

Берілетін уақыт –20 минут.

Оқушылардың жасы, дайындық деңгейі мен саны байқауға қатысушылардың таңдауымен алынады.

Ең жоғары ұпай саны   20

Бағалау критерийлері:

- тәрбиелік мәні;

- сабақ беру үрдісінде оқушылардың  ынтасы мен белсенділік іс әрекетін, өзара қарым-қатынастарын  жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеті;

-тақырыптың толық ашылуы, әдістемелік әдістердің ерекшелігі,  ғылымилығы;

- білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейі;

6.1.4. Байқаудың тікелей кезеңіне қатысушыларды іріктеу.

6.2. Байқаудың негізгі кезеңі

6.2.1. Шығармашылық жұмыстарын қорғау. Байқаудың негізгі кезеңіне өткен қатысушылар өздерінің отандық білім берудің заманауи тендецияларын айқындайтын  щығармашылық жұмыстарын қорғайды.

Берілетін уақыт –10 минут.

Ең жоғары ұпай саны – 40.

Бағалау критерийлері:

-       мазмұнының тереңдігі және ерекшелігі;

-       ғылымилығы және әдістемелік құндылығы;

-       әлеуметтік маңызы;

-       көпшілік алдында  өзара қарым-қатынас жасай білуі.

6.2.2. Оқушылармен өткізілетін ашық сабақ

 Берілетін уақыт –35 минут.

Оқушылардың жасы, дайындық деңгейі мен саны байқауға қатысушылардың пәніне сәйкес ұйымдастырушылардың тандауымен алынады. Сабақтың тақырыбы мен сыныбын байқауға қатысушылар өздері анықтайды.

Ең жоғары ұпай саны   40

Бағалау критерийлері:

- тақырыптың толық ашылуы, әдістемелік әдістердің ерекшелігі, ғылымилығы;

сабақ барысында мұғалімнің ақпарат көздерінің түрлі нысандарын пайдалануды ұйымдастыру қабілеті;

-  сабақ барысында мұғалімнің оқушылармен қарым - қатынас деңгейі;

- білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейі;

- сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеті.

6.2.3. Пән бойынша тест тапсырмалары.

Ең жоғары ұпай саны – 25.

Бағалау критерийлері:

- әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады

Берілетін уақыт – 30 минут

6.2.4. Оқушы – әділқазы алқасы (жюри)

Әр қатысушы пресс-конференцияда оқушылардың қойған үш сұрағына жауап береді:

Бірінші сұрақ пән бойынша;

Екінші сұрақ педагогикалық жағдаят;

Үшінші сұрақ психология бойынша.

Берілетін уақыт- әр жауапқа  2 минут

Ең жоғары ұпай саны – 30.

Бағалау критерийлері:

- жауаптың толықтығы мен сауаттылығы;

- жауаптың дәлдігі, ақпараттың тиімділігі;

- ерекшелігі;

- қатысушының коммуникативтік қабілеті.

- қатысушының сөйлеу мәнері мен дәлелді пікірі;

- өз ойын мәдени түрде  жеткізуге білуі.

6.3.Интернет-ресурс (виртуальды дауыс беру) . 2012 жылы 1 маусым мен 10 тамыз  күндерінде өтеді. Байқауға қатысушылар облыстық білім басқармасының сайтына Интернет желісінде білім берудің сапалы ақпаратын және жұмыс тәжірибесін  көрсететін авторлық жұмыстарын, оқу, әдістемелік және (немесе) басқа да жұмыстарын барлық пайдаланушыларға ашық түрде танысуға мүмкіндік беретіндей  орналастырулары қажет. Бағалау сырттай жүргізіледі.

      Ең жоғары ұпай саны – 30

      Бағалау критерийлері:

- ұсынылған ақпараттардың көлемі  және тақырыптық ұйымдастырылуы;

- орналастырылған материалдардың білімдік және әдістемелік құндылығы;

- ақпараттардың ұсынылу мәдениеті.

Кез-келген қызығушылық танытқан адам қатысушының педагогикалық қызметі туралы материалдарымен таныса алады және дауыс бере алады. Интернет арқылы дауыс беру жеңімпазы қосымша 10 ұпай алады.

 

7. Байқауды қорытындылау

7.1. Рейтинг негізінде байқаудың жеңімпазы анықталады.

7.2. Виртуальды дауыс беруге қатысқан қатысушылардың барлығы  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталады.

7.3. Байқаудың жеңімпаздары (бас жүлде, 1,2 және 3 орын иегерлері) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасы мен демеушілер тарапынан құнды сыйлықтармен  марапатталады.

7.4. Облыстық байқаудың бас жүлдегері Республикалық «Үздік педагог» байқауының ІІІ кезеңіне қатысуға жолдама алады.

 

8. Қаржыландыру

8.1. Байқауды ұйымдастырушылық және мазмұндық жағынан қаржыландыру құрылтайшы тарапынан жүзеге асырылады.

8.2. Байқауға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші тарап есебінен төленеді.

                                           

                                          9. Байланыстар

     9.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу  бойынша төмендегі телефондар арқылы байланысуға болады: 

(87262) 45-47-73 – Дузенова Зәуре Исақызы- облыстық оқу-әдістемелік кабинеті бастығының орынбасары.

(87262) 43-58-10 – Жамалбекова Шафиға Мамырханқызы - облыстық оқу - әдістемелік  кабинетінің бөлім жетекшісі. Бекназарова Ләйла Қалыққызы - облыстық оқу -     әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.                                  

(87262) 43-58-10 – Ким Вероника Витальевна  - облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ағылшын тілі пәні әдіскері

 

 

 

 

 

 

 

 

Undefined


by Dr. Radut.